Баспана алудың жаңа мүмкіндіктері

Өңірлік коммуникация қызметінде "7-20-25" бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктерін баяндауға арналған брифинг өтті.WhatsApp Image 2018-11-22 at 12.21.50
БАҚ өкілдерімен кездесуге "Баспана" БК АҚ серіктестермен жұмыс департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Қуанышев, облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Серік Бейсембаев, Ұлттық банктің Қостанай филиалы директорының орынбасары Жанна Омарханова  қатысты.
– "7-20-25" бағдарламасы ресми түрде 2018 жылдың 4 шілдесінен басталған болатын. Бағдарламаның негізгі талаптары: 20% алғашқы жарна, жылдық мөлшерлемесі – 7% және несиенің мерзімі  25 жылға дейін ұзартылды. Яғни, бағдарлама төмен мөлшерлемемен және несиелеу мерзімінің ұзақтығы түрінде әлеуметтік бағыты бар,-дейді ол баспасөз мәслихатында.
Қазіргі кезде  7-20-25 бағдарламасы бойынша 7 банк өтініштерді қабылдайды. Олар – ЦентрКредит банкі,  АТФ банкі,  Цеснабанк, RBK банкі,  Еуразия банкі,  Халық банкі және  ForteBank.
Бүгінде жалпы Қазақстан бойынша  55 млрд теңге сомасында  4 657  өтініш қабылданды. Оның ішінде 36,5 млрд теңге беруді банктер мақұлдады. 
-Қостанай облысы бойынша 500 млн теңге сомасында 60 өтінім қабылданып, 370 млн теңге сомасында мақұлданды.  "7-20-25" клиентінің портреті – халықтың белсенді бөлігі 25-35 жас шамасында,  тұрақты ресми табысы бар. Бағдарлама шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны 12 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, үйдің ең жоғарғы құны – 25 және  15 миллион теңге. Сомалар көлемі аймаққа байланысты, жалпы санынан 7% жоғары емес. Кредиттің орташа мерзімі – 20, 4 жыл,  – деді "Баспана" БК АҚ серіктестермен жұмыс департаментінің басқарма бастығы  Бауыржан Қуанышев.
"7-20-25" Бағдарладамасы арқылы пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үй ғана несиелендіріледі. 
Осыған байланысты,  бастапқы тұрғын үй бойынша, әсіресе аудандарда  бағдарламаға толықтырулар енгізіліп, «7-20-25» бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы үшін "Баспана" ипотекалық ұйымымен жергілікті атқарушы органдарға  150 млрд теңге қарастырылған. Механиздерді әкімдіктер дайындауда.  Қаражаттарды бөлу әр екі жыл сайын  жаңартпалы  принцип бойынша жүргізіледі. 
Елбасының тапсырмасына сәйкес, алғашқы жарнаны төмендету бойынша Баспана АҚ әкімдіктермен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Әкімдіктер дәрігерлер, мұғалімдер, құқық қорғау қызметкерлеріне және ауданға қажетті басқа да мамандарға алғашқы жарнаның жартысын төмендететін "7-20-25" тұрғын үй сертификаттарын беретін болады деп жоспарлануда. 
"7-20-25" Бағдарламасы – қайтарылатын және әлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен топқа жатпайтын, жұмыс істейтін қазақстандықтарға арналған,  жеңілдетілген ипотека. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде әкімдіктер арқылы жалдамалы тұрғын үйді бөлу  арқылы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топқа мемлекет көмек көрсетуде.
 Жалпы, "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін отбасының ай сайынғы табысы жиынтықта 120 мың теңге болуы қажет. Банк-серіктестер өздігінше мемлекетке қаражаттың қайтарылуына жауапты, олар тек өздерінің табыстарын растай алатын және несиенің барлық кезеңінде қайтара алатын өтініш берушілерге ипотекалық несиені береді.  
–Бағдарламаға пайдаланылған тұрғын үйлерді несиелеуді енгізу туралы көптеген сұрақтар туындауда.  Бірақ бағдарлама екі өзекті мәселені шешуге арналған:   тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылыс саласын жаңғырту. Осыған орай, пайдаланылған тұрғын үйлерді несиелеу үшін "Баспана Хит" жаңа жобасы дайындалды. Бұл  – "7-20-25" бағдарламасынан бөлек "Баспана" ипотекалық ұйымның өнімі. Алғашқы жарна – тұрғын үйдің құнының 20%-ы.  Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі +1,75%. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырғанда  9,25% құрайды, "Баспана Хит" өнімі  бойынша мөлшерлемесі – 11 пайыз. Кредит мерзімі  – 15 жыл. Ұлттық банктің Қостанай филиалы "7-20-25" бағдарламасын іске асыру туралы халықты ақпаратпен қамтуда тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бағдарлама туралы ақпарат үнемі аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, облыстық және қалалық  әкімдіктің барлық  интернет ресурстарында (20 сайт), оның ішінде интерактивті режимде әлеуметтік желілерде жариялануда, – деді Ұлттық банктің Қостанай филиалы директорының орынбасары Жанна Омарханова.  
Облыстық телеарнада «7-20-25» бейнеролигі көрсетіліп жатыр (айына 4 рет, әр ай сайын 10-12 рет қайталайды). БАҚ үшін бірнеше рет брифинг жүргізіліп, онда бағдарламаның іске асырылуы мен негізгі талаптары туралы айтылған.
Филиал мамандары ағымдағы жылдың маусым-қараша аралығында халықтың әртүрлі саласындағы азаматтармен 60 кездесу өткізген (мемлекеттік ұйымдар, оқыту, емдеу мекемелері, құқық қорғау органдары), оның ішінде облыстың аудан және қалаларында  2 мыңнан астам адам қамтылды.
«Нұр Отан» партиясының филиалы, облыстық әкімдік, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен бірге кездесулерге қатысты. Әкімдіктердің шақыруы бойынша Лисаков, Рудный қалалары, Қостанай,  Таран және  Федоров аудандарында болды.
Қараша айында ҚР ҰБ филиалы "7-20-25" бағдарламасы бойынша ақпаратты халыққа түсіндіруге бағытталған  облыстың банктері және Қазпоштамен "Ашық есік күндері" өткізілді.  Бағдарламаға қатысу үдерісі туралы ҰБ филиалы мен банк-серіктестердің жұмыстарына мониторинг жүргізілмек.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓