Алып зауыт салынады
2019 жылы облыста елдің теріскей өңіріндегі бірегей майлы дақылдар тұқымын өңдейтін алпауыт зауыт салынбақ. Оның қуаттылығы жылына 300 мың тонна тұқым болады деп жоспарланған. Инвесторлар бұл жобаға жеке және қарыздық қаржы есебінен 33 млрд теңге құюды көздейді. Бұл инвестжоба, мамандардың айтуынша, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қыруар проблемасын шешер еді.
Сондай-ақ, таяу келешекте Федоров, Таран аудандарында және Қостанай қаласында жалпы сыйымдылығы 30 мың тонна болатын, майлы дақылдар өнімін қабылдайтын үш элеватор салынады. Бұл элеваторларда тапсырылған шикізаттың сапасын анықтайтын заманауи зертхана болады. Олар өнімді қабылдау, кептіру, сақтау қызметтерін көрсетеді.
(Сурет ғаламтордан алынды)