Жас ана көмек сұрайды

Сал ауруына шалдыққан 5 жасар бүлдіршін Анель Жұмабаева көмекке мұқтаж. Оны емдеу үшін Қытайдың Шэньси провинциясы, Юньчен қаласына бас миы ауруханасына апару қажет. Бас акупунктурасының ғылыми зерттеу институтына жарты жылға ем қабылдауға қаржы жиналаады.
– Емделу шараларының бағасы 24730 АҚШ долларға (9397400 теңге) жетеді. Қазір 6900000 теңге қажет. Баламның мүгедектігі үшін жәрдемақы аламын. Бірақ, бұл қаражат оның емдеу, дене шынықтыруына жұмсалады. 2017-2018 жылдары Ресейде қызыма екі рет ауыр ота жасалды. Сол уақытта Челябі қаласындағы оңалту орталығында қаралдық, – дейді Гаухар Жұмабаева.  
ьи
Қомақты қаржыны қалтасы көтермейтін ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. Оның жанына бататыны – қыз әкесінің қиын сәтте тастап кетіп қалғаны. Гаухар Жұмабаева қазір облыстық тарихи-өлкетану музейінде жұмыс істейді. Айлығы – 60 мың теңге.
– Қызыма балалардағы церабральды паралич (ДЦП), спастикалық диплегия, көру жүйке тамырларының жекелей атрофиясы диагноздары қойылды. Сіздердің көмектеріңізге мұқтажбыз. Қытайда емдеу үшін осыншама миллион теңге қажет. Тірек болар адамдарым жоқ болған соң халықтан көмек сұрауға мәжбүрмін, – дейді Анельдің анасы.
Қол ұшын созғысы келетін жандар Гаухар Жұмабаеваға мына нөмір арқылы байланысуға болады: 8705 576 6386
Сонымен қатар Инстаграм желісінде @help_anel_zhumabayeva толық ақпарат бар.
 
Kaspi Gold 5169 4931 2898 2371
QIWI 8705 576 6386
Халык 5354 5100 2585 7763
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓