Шаруасы шалқыған

            Өңірлік коммуникация қызметінде Қарасу ауданының әкімі "Мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде  ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қорытындылары және Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын іске асыру барысы туралы" БАҚ өкілдеріне есеп берді.  ionenko
               Аудан әкімі Виктор Ионенконың айтуынша, облыстың жалпы өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі 12% құрайды, бұл Қостанай облысының аудандары арасында жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару көлемі 42 млрд теңгеден асып,  жалпы көлем индексі 105,2% -ды құраған.
      Өсімдік шаруашылығында бұл көрсеткіш 34,5 млрд. теңгені құрады. 
      –Орақ науқанының қорытындысы бойынша 798,2  мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік – гектарына 13,2 центнер. Өсу қарқыны ауыл шаруашылығы өндірісіне прогрессивті технологияларды мақсатты түрде енгізу есебінен сақталды. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандырудың басты стратегиясы – бидай егістігін қысқарту,  – деді аудан әкімі Виктор Ионенко.
        Аудан үшін мал шаруашылығы саласын дамыту – басым бағыт. Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,7 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ,  8,3 тонна ет өндірілген. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау арқасында мал басы артып, "Сыбаға" бағдарламасы аясында 160 бас абердин–ангус және 104 бас қой сатып алынған. "Еңбек" бағдарламасы бойынша 292 бас, оның ішінде 180 ІҚМ сатып алынды.
      Өнеркәсіп өніміне келер  болсақ,  2 млрд 650,1 млн теңгеге өндіріліп, шұжық, май және бетон өндірісі артқан.
      Тұрғын үй құрылысына құйылған инвестициялардың айтарлықтай өскен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 28,4 есе артқан. Бұл көрсеткіш 136 миллион теңгені құрады.
      Биыл жолдарды жөндеу сәтті жүргізіліп, екі ірі жоба іске асырылған. Атап айтқанда, Жамбыл ауылына кіретін (237,4 млн теңге) және Комсомольский және Исаков көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қарасу ауылындағы сауда-саттық  228,2 млн теңгені құрады.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓