Пайдалы серуен
Қостанай ауданы Садовое ауылының тұрғындарынан құрылған шағын бастамашыл топ ерекше жорық ұйымдастырды.
Олар Садовое-Аманкелді-Дружба ауылдарының аралығын шаңғымен жүріп өтті. Қарапайым ауыл тұрғындарының мұрындық болуымен қолға алынған игі бастама Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы мен Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдығына арналды. Ерекше тоқталарлық бір жай, 13 адамнан тұратын саяхатшылар құрамында аға буын өкілдерімен бірге жас балғындардың болуы.