Жарықтандыру жалғасады

Бейімбет Майлин ауданында көшелерді жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.
2020 жылы аудан бойынша энергия үнемдейтін LED-шамдарды ауыстыруға және қосымша орнатуға 34,5 млн теңге бөлінген еді. Бұл қаржы Әйет, Красносельский, Береговой, Елизаветин, Май, Асенкритов ауылдары мен Тобыл кенті сияқты ірі елді мекендерге жұмсалды.
Облыстық қазынадан берілетін трансферттерді есептемегенде, 2020 жылы аудандық бюджет елді мекендер мен білім беру мекемелерін бейнебақылаумен жарақтандыруға 11,3 млн теңге қарастырған.
Осылайша, ауданның мектептері мен балабақшаларында 221 камера пайда болды. Әйет, Береговой және Тобыл ауылдарында тағы 12 камера орнатылды.
Халыққа есеп беру кездесулерінде аудан орталығында жол қауіпсіздігін реттеу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Қазіргі уақытта жергілікті билік Әйет ауылындағы Майлин – Тәуелсіздік қиылысына бағдаршам орнату мүмкіндігін пысықтауда. Елді мекендерде радарлар орнату жөнінде жиі айтыла бастады. Бірақ, аудан әкімінің мәлімдеуінше, ол егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін мәселе. Сондықтан ол биылғы жоспарға енгізілмеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓