Жаңа бастама – жаңа бағыт

 "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Сапарова жұмыс барысымен Арқалық қаласында болды. 
 Жаңа сайланудан соң өңірге алғаш қадам басып тұрған басшыны қала әкімі, "НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы Ғ. Бекмұхамедов қарсы алып, қалалық филиалдың мәжіліс залында қалалық мәслихаттың депутаттары, сала басшыларымен кездесу өткізілді. 

арка Кездесуде қалалық филиалдың атқарған жұмыстары сондай – ақ, қаланың әлеуметтік – экономикалық жағдайы қамтылып, қаралған мәселелер жөнінде қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н. Хамзин мен қалалық экономика және бюджетті жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары Н. Гайдаренко, Г. Омаровалардың есептері тыңдалды.  
  Өз кезегінде Әлия Сапарова жиылған қауымды "Нұр Отан" партиясының алға қойған жарқын мақсаттарына жету жолында елдік құндылықтарды сақтап, қоғамның дамуына нұқсан келтіретін түйткілдермен бірігіп күресуге шақырды.   
  Кездесу соңында облыстық, қалалық филиалдар басшылары бірқатар партия мүшелеріне "НұрОтан" партиясының жаңа үлгідегі билеттерін табыс етті.
  Мұнан соң Әлия Сүйіндікқызы қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлімінде қала тұрғындарын жеке мәелелерімен қабылдады.
  "Қайрат" спорт кешенінде болып, спортшылардың тынысымен танысты. Аз қамтылған отбасынан шыққан балғын спортшыға спорттық киімдер мен оқу құралдарын сыйға тартты. 
"ЖасОтан" жастар қанатының жастарымен жүздесіп, пікірлесті. Естелік суретке түсті.
             
 
                Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓