«Менің сүйікті қалам – Астана!»

Міне, дәл осындай тақырыппен, бүгін «Нұр Отан» партиясының Сарыкөл аудандық филиалында «Жастар – Отанға» партиялық жобасы аясында  дөңгелек үстел өтті.
SAM_4340Астана күніне арналған ауқымды шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Геннадий Батуринец, аталмыш партияның жастар қанатының жауапты атқарушы хатшысы Талғат Жауғаштин және  жасотандықтар мен колледж студенттері қатысты.
Ел келешегі – жастар жүздескен жиында партияның жаңа міндеттерін жүзеге асыру барысы  қамтылды. Болашақта тыңдырылатын 12 таңдамалы жоба бойынша жұмыс істеу мақсаттары міндеттелді.
-Біз, бүгін жылдағы дәстүр бойынша дөңгелек үстел өткізіп отырмыз. Бұл жиында алдағы жұмыс барысымен және межелейтін жаңа міндеттермен жақсылап танысып шығамыз. Сосын, алдағы Астана күнін ауданда қалай атап өтеміз, оған қандай қажеттіліктер керек, сол тұрғыда әңгімелесетін боламыз. Бүгінгі шара айтылған істердің бастамасы, – деді өз сөзінде бірінші орынбасар Г.Батуринец.
Бұдан кейін баяндама жасаған Эльмира Жауғаштина Елбасы және оның ерен еңбектеріне ерекше тоқталып, асқақ Астана идеясы мен ерке Есілдің бойында Елорданың салынуы туралы ой-пікірін ортаға салды. Дамыған дархан даламызды, еркін елімізді есте қалдырарлықтай етіп, сұлу сөзбен суреттеді. Ал келесі кезекте көсілген Яна Полищук болса, ол да әсем Астана жайында ауқымды ақ тілегін ақтарып, Елбасының қалай Қазақ елінің көшбасшысы болғанын, қалай елімізді дамытып жатқанын жүрегінен өткізе жеткізді. Ал шалқыған шабытпен Астананы жырға қосқанын, Елордаға деген ерекше сезімі деп түсіндік. Сондай-ақ, жиынға жиналғандар Астана, Бәйтерек, аспанмен тілдескен зәулім ғимараттар жайында әсем қаладан алған әсерлерімен бөлісті. 
 
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓