Даңқ кітабын Арқалық қаласына аманат етті
Жанкелдин ауданындағы Шақшақ Жәнібек алаңында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтой қарсаңында “Еске алу эстафетасы” жобасы аясында Әскери Данқ Кітабына Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін олардың ой – толғамдарын енгізу және Естелік Кітапты Арқалық қаласына табыстау салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдарымен өзара байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Жұмағұлова, облыс әкімдігінің мұрағат және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы С.Тащанова, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Е.Мәметеков, Арқалық қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Ахан, Арқалық қаласының жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Омарова қатысты.
Орталық алаңдағы дала сахнасында мәдениет үйінің әртістері соғыстың бұлты төнген тұста жеткен қаралы хабарлар мен соғысқа аттанған қазақ балаларын бейнелеп, артынша соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.
Аудан басшысы Асқарбек Ахметбекұлы Қостанай облысының Әскери Даңқ кітабын Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Есламбек Жеңісұлына салтанатты түрде табыс етті. Ендігі “Еске алу эстафетасы” Арқалық қаласында жалғасын табады.
Облыс, Арқалық қаласынан келген меймандар Торғайдың тарихы бай мұражайларын аралап, ерекше сезімге бөленді.
Байбатыр Ниязбекұлы
Жанкелдин ауданы