Тамыз кеңесін onlaine жүйесінде тамашалады
Қостанайда өткен облыстың білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі Сарыкөл ауданына online жүйесінде көрсетілді. Оны тамашалауға аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, орынбасары Елжан Тұрабеков, білім бөлімінің басшысы Ирина Науменко және мектеп директорлары мен ұстаздары Ново-Урицк орта мектебіне жиналды.

Бір айта кетерлік қуанышты жәйт, аймақтық тамыз конференциясында облыс әкімі Нұралы Садуақасов марапаттаған үздіктердің қатарында сарыкөлдік, Ново-Урицк орта мектебінің директоры Светлана Самсонова да бар.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы