Құс фабрикасы өртенді
Оқиға 20 қарашада Арқалық қаласында болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Күні кеше 01:42 өртке қарсы қызмет пультіне "Агро-Интер-Птица" ЖШС аумағындағы құс базасында өрт болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
"Құстарды жемдеуге арналған 1440 шаршы метрлік алаңдағы транспортерлік лента және арнайы құрылғы өртенген. Алау 290 шаршы метрді қамтып, 70 литрлік газ баллонының жарылуы салдарынан базаның қабырғасы құлаған. Өрт кезінде базада құстар болмаған. Тілсіз жаумен күрес 03:48-де басталып, 04:17-де ауыздықталды. Құрбандар мен жапа шегушілер жоқ", – делінді ведомство хабарламасында.
Өрт сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 14 адам жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалануда қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмаған болуы мүмкін. Материалдық шығын анықталып жатыр.