Чернобыльдік өрт-батырының құрметіне мемориалдық тақта

Қосатанайда Кеңес Одағының Батыры ішкі қызмет генерал-майоры Л.П.Телятниковқа арналған мемориалдық тақтасының мерекелік ашылуы өтті. Ескерткіш тақтасы Герцена көшесі бойынындағы №2 мамандандырылған өрт бөлімінің ғимаратына орнатылды.DSC_0325
Леонид Петрович Телятников Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Введен а. 1951 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келген. КОСР ІІД Свердлов өрт-техникалық училищесін, одан кейін Мәскеудегі инженерлік өрт-техникалық мектебін бітірген. 1971 жылдан 1982 жыл аралығында Қостанай облысының өрттен қорғау гарнизонында қызметін өткерген. Ол 1986 жылғы сәуірдегі Чернобыльдік атом станциясының өртін жою басшысы ретінде танымал. Дәл осы бөлімше ХХ ғасырдағы ең қиын техногендік апаттарының басты ауырлығын өздеріне қабылдаған. Қайғылы оқиға уақытында Л.П.Телятников АЭС жанындағы өрт бөлімі бастығының лауазымында болды. Өзі және оның қоластындағылары 4-ші энергоблок апатына тікелей жақын жерде болған. Өрт сөндіру барысында олар, жоғарғы мөлшердегі сәулесіне түскен. Өрт сөндірушілер өз денсаулықтарының және өмірлерінің құнымен от алауының жақын объектілерге таралуына жол бермеді және жаңа жарылыс болуының алдын алды.DSC_0393
Мерекелік іс-шараның ашылуына ТЖД басшылығы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Қостанай облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының офицерлері қатысты.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы мерекелік іс-шараны аша отырып: – Леонид Петрович өз өмірін қайырымды өрт кәсібіне арнады. Ол барлығымызға, әр қайсымыз өз өмірімізді қадір-қасиетпен және абыроймен өткізуіміз қажет, -деп айтып кетті.
Департамент бастығының орынбасары полковник Виктор Шиллердің сөзі бойынша Леонид Петрович Телятниковтің мемориалдық тақтасы болашақ ұрпақтың ядерлі энергетиканың тарихында болған Чернобыльдік батыр, патриот, жігерлі жеке тұлға туралы естеріне салады.DSC_0335
Л.П. Телятников туралы естеріне ала отырып, азаматтық қорғау органының ардагерлері В.П. Зинченко және А.М.Колосков өз ойларымен бөлісті. Олар, өткен ғасырдың 70-ші жылдары бірге жұмыс істеу сәті болған. Әріптестер оның, өз ісін шексіз сүйген және әр уақытта көмек көрсетуге дайын, батыл және тәртіпті адам болғандығы туралы айтып кетті.
Чернобыльдік апатты жоюшы-батырларға мәңге есте сақтаймыз және бас иеміз.
 
Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпараттандыру тобы   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓