4,5 млн. теңге қаржы өндірілді

Қостанай қалалық сотына азамат Р. "Теміржолстройпроект" ЖШС-не қарсы арыз түсірді. Шағымында ол еңбекақысын өндіріп беруді сұраған.
Еңбек келісім-шартына сәйкес, шағымданушы аталған ЖШС-де бас есепші лауазымын атқарып, 91 мың теңге жалақы алған. Борышкер 2015 жылдың қазан айынан бері ешқандай негізсіз оның айлығын бөлшектеп беріп келген. Онысын дәлелдейтін қолында осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығындағы түбіртектер де бар. 1 сәуірге дейінгі есеп бойынша серіктестіктің қызметшісіне қарызы 500 мыңнан әрі асқан.
Сот "Теміржолстройпроект" ЖШС-нен азамат Р.-ның пайдасына 494 839 теңге өндіріп берді. 
Бұған дейін де дәл осыған ұқсас "Теміржолстройпроект" ЖШС-не қарсы шағым азамат И.-ден келіп түскен. Инженер болып қызмет атқарған оған серіктестіктің қарызы 4 млн. теңгенің маңайында болыпты. ЖШС-ке бұл берешектен осы жылдың 1-наурызына дейін құтылу міндеттелген-ді. Алайда шағымданушы дәл бүгінге дейін соқыр тиын көрмегенін айтып, қайта арыз түсірді. Нәтижесінде, сот И.-дің де пайдасына 4 млн. теңге өндіріп берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓