Қазақ тілін білесің бе?

«ССКӨБ» АҚ Кадрларды оқытып даярлау орталығында қазақ тілінде сөйлесу клубы ашылды. Әзірге пилоттық түрде қолға алынған жобаға HR қызметкерлері шақырылып отыр. Өйткені олар күнделікті жұмысында қазақ тілді қызметкерлермен жиі жүздеседі және қарапайым құжаттарды аударма мәселесіне келгенде қиындыққа тап болады.IMG_3549
Жаңа клубтың алғашқы дәрісінде қатысушылар бизнес-тренер Алиса Құрбаналиеваның көмегімен қазақ әліпбиіндегі спецификалық әріптерді қайталап, берілген шаблондар бойынша өзара мемлекеттік тілде сөйлесуді үйренді.
– Әрине бір күннің ішінде сабақты таза қазақ тілінде бастап кету мүмкін емес. Біз алдымен қызметкерлердің қобалжуы мен қорқынышын жойып, клубта өздерін еркін ұстауына жағдай жасауымыз қажет. Кейін сөздік қорын байытып алған соң еш шаблонсыз қазақша сөйлесуге көшеміз, – дейді Кадрларды оқытып даярлау орталығы директорының міндетін атқарушы Ильяс Фоменко.
Автокөлік басқармасының кадрлар жөніндегі инспекторы Ирина Каримованың айтуынша, кен алыбы персоналдың жан-жақты дамуына ерекше назар аударып келеді. Осының бір дәлелі – қазақ тілінде сөйлесу клубы.IMG_3554
– Бүгінде бірнеше тілді білу – заманның талабы. Осы орайда Кадрларды оқытып даярлау орталығы уақыттың көшінен қалған емес. Жарты жылдан астам мұнда Englishclub табысты жұмыс істеп келеді. Енді міне қазақ тілін үйренуге де мүмкіндік туды. Курсқа жазылған себебім, әр қазақстандық өз мемлекетінің тілін білуі шарт деп ойлаймын. Бір жағынан, бұл білім жұмысыма да, жеке өміріме де пайдасы болмаса, еш зияны жоқ, – дейді ол.IMG_3576
Алғашқыда клуб әр аптаның бейсенбі күні жұмыс істемек. Болашақта қазақ тілін меңгеру мүмкіндігі бірлестіктің басқа да қызметкерлеріне қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓