Геоглифтер кітабы жарық көрді
Қостанай облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің археологиялық зертханасымен бірлесіп Торғай геоглифтерін зерттеді. Оның қорытындысы ретінде «Торғайдың ғұрыптық-қасиетті геометриялық кешендері» кітабы жарыққа шықты. Аталған басылымда Торғайдың жер үстіндегі ең жұмбақ және ғажайып құрылыстары туралы көп жылғы зерттеу материалдары жарияланған. Ондаған жылдар бойы космотүсірілім көмегімен зерттеп, грек тілінен аударғанда жер бетіне бедерлі тәсілмен жасалған сурет мағынасын білдіретін 95 «геоглифтер» табылған. Аталған шығарылымда 69 нысан зерттеліп, ұсынылған.