Республикалық ақындар айтысы басталды
Қостанайдағы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда "Тобыл-Торғайым, жүректен толғайын!" атты республикалық ақындар айтысы басталды. Сөз додасы Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығына, Ақсұлу Орысбайқызының 145 жылдығына, Қайнекей Жармағамбетовтің 100 жылдығына арналып отыр.Айтыста бақ сынайтын ақындар: Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Қазірет Бердіхан, Мейірбек Сұлтанхан, Салтанат Өтелбаева, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Тоба Өтепбаев, Батырлан Сағынтаев, Азамат Мәлжанбай, Медет Байзақов, Марат Ахметов, Марғұлан Оспанов.
Жыр додасын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізіп отыр. Әділ қазылар құрамында ақын Ақылбек Шаяхмет, Халық ақындары Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекова, "Қостанай таңы" газетінің тілшісі, ақын Нұрқанат Құлабаев бар.
Айтыс ертең де жалғасады. Бас жүлде – автокөлік. Айтыс туралы ақпарат беріп отыратын боламыз.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.