“Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса…”
Қостанай қаласының 135 жылдық мерейтойы күні қаламыздың КСК шағын ауданындағы Салтанат сарайы есігін айқара ашқан болатын. Көп ұзамай, көпшілік арасында "бұл неке сарайындағы қызмет ақылы ма?" деген сұрақтар туындай бастады…
Облыс орталығында қазіргі заманға сай бір неке сарайын салу туралы мәселені қостанайлықтар көптен бері қозғап жүрген болатын. Кейін көптің бұл тілегіне орай сметалық-жобалық құжат дайындауға шешім қабылданады. Бірақ, өкінішке қарай Әділет министрлігінің үш жылдық бюджетіндегі белгілі қиындықтарға байланысты құрылысқа қажетті қаржы қаралмады. Сол кезде аталған жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер арқылы жүзеге асыру көзделгенмен, бұған қызығушылық танытқан бірде бір жеке компаниялар табылмады. Сондықтан, билік бұл мәселені "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің қарауына жіберген болатын. Сөз жоқ, атал-ған корпорацияның басты мақсаты да өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Осы уақытқа дейін бұл корпорациямен елуден астам жобалар жүзеге асырылды. Бұл жолы да корпорация аталған жобаны бірден қолдап, оны жүзеге асыруды қолға алады. Осылайша, корпорация өз қалтасынан 374 млн. 157 теңге қаржы жұмсап, шаһарамызға сән берген Салтанат сарайын аз ғана уақыт ішінде салып, халықтың игілігіне тапсырды. Бұған бюджеттің бір тиыны да пайдаланылған жоқ, сондықтан корпорация екі қабаттан тұратын ғимараттың екінші қабатын жеке фирмаға жалға беріп отыр. Онда неке қию рәсімі барынша сән-салтанатымен аталып өтеді, сондықтан, жеке фирманың ақылы неке қиюдың бағасын қалай қоямын десе де өз еркінде.
Ал, ғимараттың бірінші қабаты Қостанай қалалық әділет бас-қармасына жалға берілді. Дегенмен, ондағы дүниеге келген нәрестені, қайтыс болған адамды, неке қиюды тіркеу сияқты басқа да рәсімдеу жұмыстары бұрың-ғыдай тегін жүргізілетін болады.
Сондықтан, Салтанат сарайындағы ақылы немесе тегін қызметке жүгіне ме, ол әркімнің өз еркінде болуға тиіс.
Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
корпорацияның қалтасына ол ақша бюджеттен келмей қайдан келген, дайын асқа тік қасық болуға соложенков сияқты бай емес, кез келген кедейге берсең де істейтін тірлік қой, олай халықтың құлағына лапша ілуге болмайды