Орманды қорғай білейік

Қостанай облысында биылғы жылы жалпы аумағы 968 га болатын 25 орман өрті тіркелген. Бұл жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Төлеубаев аппарат жиналысында мәлімдеді.
орманБасқарма қазіргі уақытта көгал-дандыру мәселесіне ден қойып отыр. Республика қаржыландыруды ұлғайтқан. Осыдан бірер жыл бұрын 85 пайызға техникалық парк жаңартылған болатын. Қазір өртке қарсы техника құралдары толығымен әзір. Десе де өрттің қатары азаймай тұр. Облыс әкімі Н.Садуақасов тілсіз  жаудан зардап шеккен алаңдарды қайта көгалдандырып, орман-ға барып демалатын көпшілікпен жұмыс істеу керектігін ескертті.
 Облыс көлемінде 23 орман өрт станциясы бар екен. Станция – түрлі техникамен жабдықталған. Әуе кемесі – тікұшақпен орманды алқаптардың 46 пайызын күзету жүргізіледі.  Авиакүзеттен өзге, орман қорының аумағында өрт-қадағалау бағаналарының жердегі желісі орналастырылған. Биылғы жылы ең ірі өрт көктем кезінде Басаман шаруашылығында болса, тағы бір жағдай найзағайдың кесірінен тұтанды. Тілсіз жау көбіне адамдардың жауапсыздығынан болады. Орманда қауіпсіздік жағдайларын сақтамағандарға қарсы 26 хаттама толтырылған. 2 адам кінәлі деп табылған. 26 әкімшілік айыппұл салынған, 24 іс құқық қорғау органдарына тексеруге жіберілген.
Облыс әкімі орманды өрттен сақтау мақсатында жұмысты күшейту керектігін айта кетті. Тұрғындар орманда от жағып, жауапсыздыққа барады. Мұн-дайға тыйым салып, демалуды қадағалап, ұйымдастыру қажет, – деді Н.Садуақасов.
Басқарма басшысы сонымен қатар 2010-14 жылдарға арнал-ған "Жасыл даму" бағдарламасы жайында айта кетті. Бағдарлама аясында көп іс тындырылған. Соңғы үш жыл және ағымдағы жеті айдың ішінде 1831га жерге ағаш егіліп, 2382 га жердің көгалдануына ықпал жасалынған. Орман шаруашылықтары жыл сайын  орман ағаштарынан 1500 келі тұқым жинап, алқапқа егеді. Сонымен қатар облыс көлеміндегі елді мекендерде жыл сайын 100 мың түп ағаш отырғызылады. Осындай еңбектің арқасында соңғы 4 жыл ішінде отырғызыл-ған жасыл желектің қатары жоспарға қарағанда әлдеқайда көп. 2012 жылы Қостанай облысы еліміз бойынша орман шаруашылығын жаңғырту бойынша 1 орынды алса, былтыр 2 орыннан көрінген. Аймақ басшысы өңірді көгалдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырып, ағаштарды мамандар отырғызып жатса, берер пайдасы мол деген ойын қосты. 
Айтолқын
       АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓