Ең үздік мектеп қомақты қаржыға ие болды
Өңір мектептерінің арасында өткен облыстық сайыста Лисаков қаласындағы №3 орта мектебі үздік деп танылып, 16 млн. теңге грант ұтып алды.
Міне, сол грантты растайтын сертификатты облыс әкімі Н.Садуақасов тамыз кеңесінде мектеп директоры Салтанат Шалдыбаеваға табыс етті.
– Біз үшін бұл үлкен жетістік. Бұл қомақты қаражатты біз мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсайтын боламыз. Соның ішінде мектебіміздің спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізіп, шағын футбол және волейбол, баскетбол алаңдарын салуды қолға алмақпыз, – дейді мектеп директоры С.Шалдыбаева.
Қарлығаш
ОСПАНОВА
СУРЕТТЕ: Облыс әкімі Н.Садуақасовтың грант тапсыру сәті.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.