Таран ауданында – жаңа әкім
Қостанай облысы әкімінің өкімімен Таран ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Бұл қызметке Қуандық Хайдарұлы Еспергенов келді. Ол осы уақытқа дейін Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі қызметін атқарған.Қуандық Хайдарұлы 1970 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 1996 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Рудный индустриалды институтын, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша Қостанай әлеуметтік академиясын бітірді.
Еңбек жолын Жітіқара ауданы Дзержинский атындағы кеңшардың механикалық тоқта жұмысшы болып бастады.
2002 жылы шілде мен 2008 жылғы қараша кезеңінде Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, 2008 жылғы қараша мен 2013 жылғы маусым аралығында Жітіқара ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2014 жылғы қаңтардан бастап, маусым айына дейін Қостанай облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымын атқарды.
«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медальдарымен наградталды.
Суреттерді түсірген Бағдат Төлебайұлы