Береке-бірлігіміздің кепілдігі
ақын, Қостанай облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі:
– Еліміздің негізгі Заңы – егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі. Береке-бірлігіміздің кепілдігі, ұлтымыздың ұлан ғайыр тарихында Қасым ханның "Қасқа жолынан" бастау алған бүгінгі Конституциямыз – халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Мәдениет саласы қызметкерлерінің ұдайы шығармашылық ізденісі алдағы уақытта да Қазақстанның ең үздік мәдени дәстүрлерін сақтау мен дамытуға бағыттала береді. Келесі 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп Елбасы жариялаған болатын. Және Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойы. Осы маңызды шараларға дайындық жүріп жатыр. Рухани сала қызметкері ретінде ұлтын, туған жерін, тілін, салт-дәстүрін қастерлей білетін ұрпақ тәрбиелеуде еңбек ете бермекпіз. Қостанайлықтарға құт-береке, жақсылық, бақыт және оптимизм тілеймін!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!