Заман талабына лайық
Қостанай қалалық №2 сотының бас маманы:
Осыдан он тоғыз жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан хал-қы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осындай аз уақыт ішінде еліміздің Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Бұл туралы Елбасымыз да "Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалып-тастырды. Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор прогресске қол жеткіздік" деген болатын. Шынында да, тәуелсіздік алып, еңсесін тіктеген Қазақ елін қазір бүкіл дүниежүзі танып жатыр. Әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең болған еліміздің болашағы да зор. Әрине, мұның бәрі еліміздегі халықтың бірлігі мен Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасы деп білеміз. Бүгінде әлемнің түпкір-түпкірінде қарулы қақтығыс-тар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Сондықтан, еліміздегі көпұлтты халықтың достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конс-титуцияның рөлі зор. Сол себепті, біз Ата заңымыз бен тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін сезініп, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шүкіршілік етуіміз керек.
Алдағы уақыттарда да ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істер көбейе берсе екен дейміз. Мереке қарсаңында әр отбасыға амандық, елімізге тыныштық, береке-бірлік тілеймін!