Әкім уәде берді

Таран ауданы – белгілі жазушы Бейімбет Майлиннің туған жері. Ауданға қарасты Красносельское ауылы бұрын Би-ағаңның атында болған екен. Осы ауалда жазушыға арнап ескерткіш орнатылған. Сол ескерткіштің жайы, былайша айтқанда сорлап, Бейімбеттің басының жарылып тұрғанын сайтқа шығарған болатынбыз. "Басы жарылған" тұлғаның жайы қашан жөнге келетінін аудан әкімінен сұраған едік.Таран Бейимбет
–Ескерткіштің жай-күйі туралы газет бетінен де көрдік. Енді осы мәселені өзім қолға алып, бұл олқылықтың орнын түзетуді ойлап жатырмыз. Аз уақытта кемшілік түзеледі, – деп уәде етті Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулин.
Сенеміз. Білдей бір аудан әкімнің сөзіне сенбеске лажымыз жоқ. Уәденің беріктігіне тек уақыт төреші болмақ. 
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓