Бес құлан, екі ат

Шыңғыс ханның баласы Жошы хан аң аулап жүріп, киіктерді қуып келе жатып, аттан жығылып өледі. Жанында еріп жүргендер Жошының қазасын ханға қалай естіртудің жөнін таба алмай сандалады. Содан Келбұға домбырамен естіртеді. Домбыраны қағып-қағып жіберіп, "Ақсақ құлан, Жошы хан, баласы өлген осы хан" деп шертіп келтіреді. Мұны Шыңғыс сезіп, ызамен жалма-жан семсеріне ұмтылады. Келбұға шошып, сыртқа шыға жөнеледі. Оны көріп Шыңғыс: "Әй, балам, бері кел! Шіркін, менің ықыласым саған әбден түсіп еді, сен өзің түсіріп, өзің қайырдың ғой. Тегі өркенің өспейді екен", – дейді. Сөйтіп, бас көтермей жатып алыпты. Әлденеше халық келіп, ханның көңілін жұбатпақ болса да, болмаған екен. Сонда әлгі сыпыра жыршы Келбұға келіп, ханның сай-сүйегін сырқырата жыр жырлапты. Соған хан шыдай алмай басын көтеріпті де: "Халқым! Мен сол балама кесел болған құландарды ұстап әкеліп, көз алдымда өлтірмесендер, қайғыдан өлемін", – депті. Келбұғаның шешендігі үшін көп сый беріп қайтарыпты да, халыққа әз арманын айтып, аттанысқа шақырады. Соны естіген халық түгел жиналып, аба қылып маңайдағы барлық құландарды қырғанмен, баяғы бес құланды ұстай алмапты. Ханның "Қабан құлақ", "Еңгей" деген екі жақсы аты болған екен. Тың аттармен тағы қайталап қуады, ақыры ол екі атты да өлтіріп алады. Бірақ құландар ұстатпайды. Құландардың өздері шаршамағанмен, тұяқтары қопарылып түсіп қалады. Сол дарияның жағасында "Бес құлан", "Екі ат" деген жердің аты әлі күнге дейін бар деседі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓