«Менің елімнің туы»

Осындай атаумен облыс әкімдігі алдындағы орталық алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық патриоттық челленджі бастау алды. Шараға Қостанай облысы этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаты, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелері, еріктілер белсенді атсалысты.
«Басты мақсат – қазақстандықтардың патриоттық сезімін ояту, оларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіру, оған деген құрметті арттыру. Жалпыреспубликалық бастама маусым айы бойы жүреді. Елімнің патриоты деген азаматтардың барлығы да қатыса алады», – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім КММ басшысы міндетін атқарушы Айжан Бекманова.
Бүгін басталған патриоттық шараға кезкелген адам қатысып, #Меніңтуым,#моифлаг#Qazaqstan30 хэштегімен әлеуметтік желілерде жеке парақшаларына бейнеролик дайындап жариялауларына болады.
Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы эстафетаны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне, жастар саясаты мәселелері басқармасына, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ жолдады.
Айта кету керек, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрғындар арасында мемлекеттік рәміздерді қандай деңгейде білетіні жөнінде сауалнама жүргізді. Қорытындысын ҚХА ресми сайтында жариялайтын болады. Өткізілген шаралардың барлығы да мемлекеттік туды насихаттау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуді көздейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓