Жаңа көлік – Hangteng

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінің алаңында отандық автомобиль құрастыруды дамыту қарқыны туралы айтты.
– Биыл «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  алаңдарында 7 772 жеңіл автокөлік (өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе артық) және 93 жүк көлігі (4 есе артық), 76 автобус пен шағын автобустар құрастырылды. «Агромаш Холдинг» акционерлік қоғамында 225 комбайн құрастырылды, өсімі 2,1 есе, – деді облыс басшысы.
Сонымен қатар, өңір басшысы брифинг қатысушыларын компания Hangteng automobile Co. Ltd. Hangteng автомобильдері өндірісінің жобасына 150 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлағаны жөнінде хабардар етті.
– Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС – жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды шығаруды жүзеге асыратын облыста ең ірі машина жасайтын  кәсіпорын. Кәсіпорынның алаңында барлығы 24 мыңнан астам  автомобиль құрастырылды. Қостанайда жасалған IVECO автобустары қала іші  маршруттарында жүру және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу кезінде келушілерді тасымалдау үшін Астанаға жеткізілді, – деді ол брифинг барысында.
Архимед Мұхамбетов айтқандай, 2005 жылдан бастап кәсіпорынның алаңында астық жинайтын 4113 комбайн және басқа ауыл шаруашылығы техникасы құрастырылды.
Айта кетейік, қостанайлық көліктер Ресей Федерациясына, Беларусь еліне, Тәжікстанға, Қырғызстанға экспортталады.1492522856_saryarka2

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓