Үшінші жиын онлайн өтеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысады. Жиын онлайн форматында өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазады.
Отырыста Мемлекет басшысы және ҰҚСК мүшелері адами капиталды дамыту мәселесін, оның ішінде, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы түйткілдерді талқылайды.