Инвестициялық бағдарламалардың игілігі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында БАҚ журналистерін агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы айтып өтті.
article9397
– Біздің облыс – республиканың жетекші агроөнеркәсіп өңірі. Облыс дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу бойынша ауыл шаруашылық хабын құруға баса назар аударды. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы құны 112 млрд теңгеден асады және мұнда 600 мың тоннаға дейін астық сақтауға арналған элеватор салу, бидай өңдеу, жаңа өнімдерді: глютен, крахмал, сондай-ақ жылына 100 мың тоннаға дейін ұн, 120 мың тонна өсімдік майын және 1 млн. тонна құрама жем өңдеу көзделіп отыр. Біздің міндет – шикізат экспортынан дайын әрі қымбат ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға көшу. Ол үшін егіс алқаптарының құрылымы әртараптандырылуда, өндіріс жаңартылып, жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр, –  деді Архимед Бегежанұлы.
Жалпы, индустрияландыру жылдарында облыстың агроөнеркәсіп кешенінде 78,5 млрд теңгеден астам сомаға 205 инвестициялық жоба іске асырылды. 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓