Өнеркәсіптегі өнімділік

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі өнеркәсіп саласының дамуын баяндады.
Аймақ басшысының айтуынша, кен өндіру саласындағы өндірістің өсуі мен қайта өңдеу секторының табысты жұмысының арқасында кәсіпорындардағы өндіріс көлемі 9,5%-ке артты. Облыстағы 600 кәсіпорында барлығы 43 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
ссгпо
– Кен өндіру саласындағы үлкен өсім «Соколов-Сарыбай» кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамына тиесілі. Темір кені өнімінің өндірісі бір долға қойылды. Қытай мен Ресей Федерациясына темір жөнелту ұлғайтып, өңір экономикасына серпін берді. Жалпы өнеркәсіп көлеміндегі қайта өңдеу секторының үлесі 2010 жылғы 29,1%-тен  52,0%-ке ұлғайды. 2018 жылдың 9 айында азық-түлік және машина жасау саласында тұрақты өсім байқалады. Өңір экономикасының одан әрі дамуын біз негізгі салалардағы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен байланыстырамыз, – деді Архимед Мұхамбетов.
Әкім сөзінде Қостанай облысы кәсіпорындарының индустрияландыру бағдарламасының арқасында бәсекеге қабілетті өнім шығаратыны айтылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓