Түпкі мақсат – татулықты нығайту

Қостанайда облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX сессиясы өтті.Сессия барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары атқарылған жұмыстар және алдағы уақытқа құрылған жоспарлары туралы  баяндама жасады.«Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХХ және ХХХІ сессиялары өтіп, онда Мемлекет басшысы бірлік, келісім мен бейбітшілік – мызғымас құндылықтарымыз екенін атап өтті. Қазіргі жағдайда азаматтық бірегейлікті нығайтуға және патриотизм рухын тәрбиелеуге ерекше назар аударылуы тиіс», – деді А.Мұхамбетов..
Естеріңізде болса, Президент сол сессияда Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі үш басымдығын атап айтқан еді. Біріншісі – ҚХА-ның саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін нығайту. Екіншісі – ақпараттық жұмысты күшейту және ҚХА-ның қоғамдық әлеуетін жандандыру, үшіншісі – құқық қорғау қызметін күшейту. Сонымен қатар, алдағы уақытта саяси жүйенің іргелі реформалары ұсынылады. Мұның бәрі қоғамды демократияландыруға бағытталады. Жиында осы мәселелер де талқыланды.Аймақ басшысы ҚХА-ның барлық мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді араласуы қажет екенін айтты.Сонымен қатар, А.Мұхамбетов сессия барысында этносаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін этномәдени бірлестіктердің өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓