Ауқымды ісі алға жетелейді

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін игілікті жоба. Өнеркәсіпте сандық технологияны кеңінен қолдану  жұмыс өнімділігіне жол ашады әрі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.IMG_0580
Аудан әкімі А.Ибраев пен «Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасы Е.Нұрғожаевтар  Елбасы Жолдауын іске асыру шеңберінде өндірістік процестерді цифрландыру арқылы индустрианы дамыту және Жітіқара ауданына инвестициялар тарту туралы мәселелерді кеңірек әңгімелеп берді.
-Мәселен, «Комаров тау-кен кәсіпорыны» ЖШС-нің кенішінде өндірістік эксплуатацияға диспетчрлендірудің автоматты жүйесі қосылды. Ал «Полиметалл» компаниясының жыл сайынғы ғылыми-өндірістік конференциясының шеңберінде маркшейдерлік суретке түсіру жобасы әзірленіп жатыр.  Яғни, кәсіпорын жұмыс күшін арттырмай-ақ, өндіріс көлемін ұлғайта алады. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстардың қауіпсіздік деңгейін көтеру арқылы өзінің өндірістік қуатын еселей түседі,-дейді аудан басшысы.
Жобалық басқару, үдерістік тәсілді меңгеру, ұнемді өндіріс пен өндірісті автоматтандыру тәрізді заманауи басқару тетіктерін енгізуде «Қостанай минералдары» АҚ кейінгі жылдары өзінің еңбек өнімділігін едәуір арттырды. Соның арқасында орташа айлық жалақы көлемі, салық түсімдері  ұлғайды.
Бүгінгі таңда бірқатар пилоттық жобалар қаралып жатыр. Мәселен,  ІР-телефондар, жылу қазандықтарын автоматты түрде басқару, ауысымалды медициналық тескерудің электрондық жүйесі, 3D модельдерін форматтау, жүк көліктері жүргізушілерінің қауіпсіздік қозғалысын бақылау жүйесі, т.б тың тәсілдерді игермекпіз,-дейді «Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасы  Ербол Нұрғожаев.IMG_0597
Жалпы, соңғы бес жыл көлемінде өңірге қыруар инвестиция тартылған. Сандарға жүгінсек, өткен жылы оның көлемі 41% –ке ұлғайған. Яғни, 2013 жылға қарағанда 4,7%-ке өскен. Бұл аудандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің жоғары екендігін көрсетеді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓