Полицей ақша бопсалаған

Қостанайда кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен 25 жастағы полицей қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.photo_35987Оқиға 3 қараша күні Қостанай қаласында болған.
«Жедел-із кесу шаралары барысында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласы жол-патрульдік полициясының 25 жастағы инспекторын ұстады. Бұған дейін кәсіпкер әйел полицейдің ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған болатын», – деді облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Алтынбек Сүйіншіәлиев журналистермен өткен брифингте.
Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓