Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады.
«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қостанай қ., Әл-Фараби, 65 үй, (Бизнес Орталығы) 2-ші қабат мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.
Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:    
  • зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
  • зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;
  • кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;
  • 01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;
  • базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.
«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді.  Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓