60 адам ауру жұқтырған
COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап өсіп келеді. 8 қарашада Қостанай облысында коронавирус дерті 60 адамнан анықталды.Кеселге Қостанай қ. – 27 адам, Рудный қ. – 15, Федоров ауданында – 5, Жітіқара қ., Науырзым, Сарыкөл аудандарында 3 адамнан, Меңдіқара ауданында – 2 және Арқалық қаласы мен Алтынсарин ауданында 2 адамнан шалдыққан.
48 адам ауруханаға өздігінен жүгінуі арқылы, 1 адам мемлекеттік шекараны автоөткел арқылы кесіп өткен кезде, 5 адам эпидқадағалау мақсатында, 6 адам коронавирус инфекциясы расталған адамммен байланыста болған күдікті ретінде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 48 адам аурудың симптомды, 12 адамда симптомсыз түрі болған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 8 қараша аралығында COVID-19 індетін жұқтырған 3926 адам тіркелді, 3334 адам емделіп шықты.