Егіздердің тамақтан уланып өлгені дәлелденді

Рудныйлық 6 жасар Әділ мен Мирастың тамақтан ұшынып көз жұмғаны дәлелденді.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медицина сараптамасы қорытындысында балалардың улану дерегін анықталды.
«Тергеу аясында тағы бір сараптама жұмыстары басталды. Оның нәтижесінде сарапшылар тергеп-тексеру кезінде қойылған сұрақтарға нақты жауап беретін болады, – дейді баспасөз қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қазанда егіз жеткіншектер Рудный қалалық ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Оларды дәрігерлер келесі күні үйлеріне босатып жібереді. Сол күні 12 сағаттан соң Әділ мен Мирас белгісіз жағдайда көз жұмды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓