5 млн. теңгеден астам ақша өндірілді
Қостанай қаласының №2 соты алаяқтық бойынша кінәлі деп танылған 1972 жылы туған Ресей Федерациясының азаматына қатысты сот үкімін шығарды.

Сот үкімімен Денис Филатов ҚР ҚК 177 б. 4 б. «б» т. бойынша (алаяқтық) кінәлі деп танылып, жалпы тәртіптегі түзету колониясында 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесілді.Сотталушының арбауынан бес адам зардап шеккен. Сот жәбірленушілер пайдасына бес миллион теңгеден астам қаражат (оның ішінде адвокат қызметі де бар), сонымен қатар олардың екеуіне 60-80 мың теңге көлемінде моралдық залал өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қ.МАРАТҚЫЗЫ