“Тобыл” “Шахтерге” есе жіберді

Марек Зубтың тәрбиеленушілері қарағандылық "Шахтерден" чемпионаттың соңғыдан бұрынғы айналымында жеңіліс тапты.IMG_4341
Матчтың алғашқы таймында Гегам Арутюнян есеп ашты. "Тобылдықтардың"  қорғаныстағы қателігінен соң қарсы командадағы армяндық легионер допты икемді игеріп кетті. Ол Непогодов күзеткен қақпадан саңылау тапты.
Екінші таймда қарағандылықтар үш қадамды комбинация нәтижесінде есепті 2:0-ге жеткізді. Бұл жолғы голдың авторы – Дамир Коячевич. Есеп айырмасын бұрыштама соққысын сәтті пайдаланып, баспен гол соққан Виктор Дмитренко өзгертіп, есепті 2:1 қылды.
"Тобыл" келесі матчын "Қызыл-Жар СК" командасына қарсы өткізеді. Кездесу аяқталысымен облыстық филармонияда қостанайлық команданы қола медальмен марапаттау рәсімі өтеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓