Ең төменгі күнкөріс деңгейі
2018 жылғы қазанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгеге тең болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғарылаған. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7 пайыз, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6 пайыз, жемістер мен көкөністерді – 12,7 пайыз, нан және жарма өнімдерін – 6,9 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1 пайыз болды.
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.