Келесі жекпе-жек Германияда

Супер ауыр дивизиондағы нокаутшы, жерлесіміз Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында келесі жекпе-жегін Германияда өткізу мүмкіндігі жайлы айтты.Жан
Жекпе-жек 4 шілде Гамбургте жоспарланған болатын. 31 жастағы боксшы бұл кездесудің белгіленген уақытында өтеріне сенімді екен.
Кособуцкий биыл бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайдағы кездесуде ол ганалық 29 жастағы Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.
"Жоспар бойынша 4 шілдеге дайындалып жатырмын", – дейді боксшы.
Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада кеш өткізген болатын. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓