Үздік мектеп іріктеледі
Қостанайда оқушылар арасындағы «SportFEST Kazakhstan» атты оқушылар арасындағы кең ауқымды республикалық жобаның іріктеу кезеңі басталды. Бұған облыстың барлық аудан-қаласынан 600 шақты үміткер қатысуда.

Қатысушылар жасөспірімдер арасындағы футзалдан, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, шахматтан, үстел теннисінен, қыздар арасында баскетболдан және ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сынға түспек.



Бұл жарысты ұйымдастырушы – "Самрұқ-Қазына" АҚ компаниясының құрамына енетін "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бұл жоба "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында қолға алынып отыр.
Материал мен суреттер SportFEST Kazakhstan-ның фейсбук желісіндегі парақшасынан алынды