Қандықол 23 жылға қамалды

Екі зейнеткерді пышақтап өлтірген Қарасу ауданының тұрғыны 23 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.сот
Іс материалдарында көрсетілгендей, қайғылы оқиға 2018 жылғы наурыз айында болған.
«Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны алкоголь сатып алуға ақшасы болмай, ішімдік сататын үйдегі ерлі-зайыпты зейнеткерге пышақпен қарақшылық шабуыл жасайды. Ауыр дене жарақаты салдарынан, зейнеткерлер оқиға орнында көз жұмды», – делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  үкімімен ер адам кінәлі деп танылды. Оған 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓