Түнгі клубтағы төбелес атыспен аяқталды (ВИДЕО)
Таран көшесіндегі түнгі клубтардың бірінде қостанайлық жастар төбелес шығарып, тапаншамен оқ атқан.
Бұзақылардың заңсыз әрекеті сол маңдағы бейнебақылауға түсіп қалған.
Бұзақылардың заңсыз әрекеті сол маңдағы бейнебақылауға түсіп қалған.
-Түнгі клуб жабылған соң екі жігіт сыртқа шығып, ерегісіп, жұдырықтаса жөнелген. Артынша, төбелеске араласқан жастардың саны ұлғайды. Заңбұзушылық қалалық ІІБ-ның жедел әрекет ету орталығының бейнбақылауымен анықталды,-дейді Қостанай облыстық ІІД-нің инспекторы Камила Естаева.
Айтулы түні инспктор Естаева кезекшілікте болған. Алғаш хабар беріп, күш жұмылдырған да инспектор. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мас күйінде жүрген жастарды ұстап, полиция бөлімшесіне тоғытты.
Тәртіп сақшылары осы камера арқылы он шақты қылмыстың бетін ашып, суицид жасамақ болғандарды да аман алып қалғандарын айтады.
Кенже ҚОНЫСБАЙ