“Татыр” ескерткіші жаңартылды
Жангелдин ауданының Тәуіш ауылы маңындағы "Татыр" ескерткіші қалпына келтірілді. Бұл туралы Әмірхан Ағытаев есімді интернет тұтынушысы "Фейсбук" парақшасында жазды.
Бұл – 1916 жылы Татыр көлі жағасында өткен шайқастың құрметіне арналып қойылған ескерткіш. Нысан 1977 жылы салынған. Мінекей, араға 41 жыл салып жаңғыртылып отыр.
«Татыр шайқасы» киелі жері қалпына келтірілді (29.10.2018). Жангелдин ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Халықаралық туризмді дамыту, әлеуметтік жобаларды іске асыру, тарихи-мәдени мұраларды қорғау және сақтау жөнінде біршама іс-шаралар жүзеге асуда. Осы бағдарлама аясында тағы да бір киелі де қасиетті орын «Татыр шайқасы» ескерткіші жаңартылып, ашылу салтанаты өтті.
Нақ, осы жерде қара халық "зеңбірекке шоқпармен қарсы шығып", патша үкіметінің әскеріне тойтарыс берген алғашқы ірі шайқас өткен еді. Негізінде, бұл көтерілістің басында Карбоз Қабақұлы, Бек Сарманұлы, Қияқбай Үркімбайұлы, Омар Тынымұлы секілді жергілікті азаматтар болды. Осы кісілер ауыл жастарынан жасақ құрған еді, — дейді жергілікті тарихшылар. "Татыр шайқасы" ескерткіші 1916 жылғы ұлт-азаттық күреске қаны төгілген сарбаздар рухына арналған. Өткен тарихты жаңғырту біздің басты мақсатымыз болуы керек", – деп жазды Ә.Ағытаев.Тарих ғылымдарының кандидаты Құрманғали Дәркенов осынау қасиетті жер туралы: «Осы жер білмеген адамға қарапайым ғана ауыл болып көрінетін шығар, бірақ тарихқа терең үңілетін болсақ, бұл ауыл бабаларымыздың қаны төгілген жер. Алғаш әділетсіздікке, жауыздыққа, қазақ халқының тағдырына балта шапқан үстемдікке қарсы атқа қонған қасиетті орын. Татыр шайқасы- ұлт намысын ту еткен батыр бабаларымыздың әскер саны көп, қару-жарағы мықты, күшті жаумен бетпе-бет келген алғашқы ірі шайқасы. Ерлік іс ешқашан ұмытылмайды. Өткен тарихты жаңғырту, халықтың тағдырын еске салу бүгінгі біздің басты мақсатымыз болуы керек», – деген болатын бір сұхбатында.