Сөмкеде – гашиш, ішкиімде – марихуана

Есірткіге қатысты қылмыстарға қарсы бағытталған жыл сайынғы "Көкнар" жедел алдын алу шарасы басталды. 1 маусымнан 30 қазанға дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары алғашқы күні-ақ бір қылмыскерді қолға түсірді.марихуанаКүдіктінің жолы "Қайрақ-авто" шекаралық бақылау бөлімшесінде кесілді.  Қарабалық ауданына қарасты Қособа ауылының тұрғыны Қазақстаннан Ресейге бағыт алған рейстік автобус арқылы арғы бетке есірткі алып өтпек болған. Қызметтік иттер көмегімен оның спорттық сөмкесінен 61 грамм гашиш, ал ішкиімінен 33 грамм марихуана табылды. Мамандардың айтуынша,  есірткінің мұншалықты көлемі ауыр қылмыс деңгейімен бірдей.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓