“КАРАОКЕ ice cream” жастар кеші

        Жанкелдин ауданы бойынша «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасына 13 жоба ұсынылып, оның 5 жобасы грант иесі атанды. Қазіргі таңда жобалардың бірі «Көңілді жастар алаңы» жобасы. Бұл жобада 18-29 жас аралығындағы жастармен әртүрлі бағыттағы іс –шаралар өткізіп, жастардың өмірінде есте қаларлық жақсы кеш ұйымдастырып, көңілді орта қалыптастыру. Жоба жастарды қоғамдық өмірге тартуға және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуына, жас адамдарда өмірлік маңызы бар дағдыларын және олардың бастамашылдығын дамытуға бағытталған.MHAxXB3vHWU
         Жоба мақсаты аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бастамасы басталып кеткен болатын. Солардың бірі, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен «КАРАОКЕ ice cream» атты ән айту кеші өтті. Аталған кешке Торғай жастары атсалысып, еліміздің танымал әншілерінің орындауындағы әсем әндерді нақышына келтіріп орындаудан жарысты. Әсем әуенді тамылжыта орындаған жастарға балмұздақ таратылып, түрлі ойындар ойнатылды. Караоке соңы би кешіне ұласты.
                                                                                       Саркын Абенова, Жансая Қазымова,
                                                                                       Арайлым Мұстафа,
                                                                                      «Zhasproject» жобасының жеңімпаздары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓