Санта-Клаусқа хат
"Ассалаумағалейкум, ата! Дақпыртыңызға қанықпын. Мені білмейтін шығарсыз. Жәй ғана ҚМУ-дың студентімін. Ана бір жолы "Костанайские новости" газетінен "Казахстанские дети смогут отправить письмо Санта-Клаусу" дегенді көріп қалдым. Басында жылағым келді, кейін хатымды оқытатын адам тапқаныма қатты қуандым. Сіздің "жасанды" адам екеніңізді көбі біледі. Еш қуыстанбай-ақ қойыңыз. Біздің қалада да "жасанды іс-әрекеттер" жиі орын алып отырады. Бұған біздегі "жасанды шырша" да дәлел. Қазір өзі бәрі жасанды болып кетті ғой, ата… Менің мына жазбаммен танысып шығыңызшы. Жауап бермесеңіз де болады. Ааа, ата, сосын бар ғой: жігіт болсаңыз келесі жылы Қазақстанға келмей-ақ қойыңыз… Сол!"
Мен әлі 2 күн қалған "тұңғыш президент" мерекесіне арнаған мақала жазған жоқпын. Тіпті 17 күн қалған "Тәуелсіздік күніне" де арнап қалам тартып үлгергем жоқ. Сонда да болсын бақандай 1 ай мерзімнен кейін келетін жаңа жыл тақырыбына түртпектеп отырған жайым бар. Жаңа жыл осындай да құдіретке ие ме деп таңданудың әсте қажеті жоқ. Екі бірдей мемлекеттік мерекенің алдын орап кете беретін "новый годқа" деген өзімше наразылығым ғой. Өз елімнің азаматы ретінде "Тәуелсіздік күніне" аса мән бергенді жөн көрем. Бұл деген Тәуелсіздік күнін жыл сайын асыға күтем дегенді білдірмейді. Маңыздысы – лайықты аталып өте ме, мән-маңызын түсініп жүрміз бе деген ой. Тіпті кей қыз-жігіттер бұл күнді "мереке" деп санаса, енді бір бөлігі "қаралы күн" деп ойлайды. Мемлекет тарапынан бұл күнді "айтулы дата" деп қана қарастыратын секілдіміз. Сосын да болар, 16 желтоқсан күні келмей жатып, республика бойынша қала, аудан, ауылдарда қылтиып шыршалар қылаң беретіні; сосын да болар дәл 16- желтоқсан күні Қостанайдың түнгі клубтарында жылдың басқа мезгілінде бола бермейтін "ерекше шоу" болатындығы. Жарайды, "жеке кәсіпкердің өз еркі – өзінде" десек те, сол күні сол клубқа жүгіретін қазақ бауырларымыз бен бойжеткендеріміздің ісін қалай ақтап аламыз?! 1986 жылы Алматыдағы алаңда жиырманың арғы жақ-бергі жағындағы жастар дәл бұлай жүгірмеген шығар! Бостандықтың құнын неге білмейміз осы?!
Қарашаның бел ортасынан басталатын дайындық Қостанайда "что-то" кеш басталып жатыр. Сонда да болсын жынымды құрыстырып үлгерді. Базарда жаңа жылдық тауарлар… Ей, тауары құрсыншы… Дәл облыс әкімдігінің алдында құрылып жатқан шыршаға ренжідім. Басқа кімге өкпелейміз?! Қала әкімдігіне ме? Жалынғанмен, өтінішімізді қанағаттандыратынына күмәнім бар. Әуелі тәуелсіздікті өткізіп алайық, шыршаны кейін де орнатармыз деген ой оларға келмеді дейсіз бе?! Келген ондай ой. Әйтпесе, билікке ақымақ адамды қоя ма?! Тек ондағылар енжарлық танытады. Қазақ деген жетекші ұлттың ойымен санасқысы жоқ (көбінің орыстілді екені тағы бар). Мұны тек Қостанай қаласына, басшылығына қатысты айтып отырғаным жоқ! Қазақстанның қай қаласын алсаңыз да осы. Шаруаға жауапты кәсіпкерлер әртүрлі сылтау айтып басшылардың бұйрығын алысымен іске кіріседі. Бар ойы – желтоқсанның ортасындағы аяз бен суыққа ұрынбай ертерек шыршаны құру. Арнайы бөлінген ақшадан еңбегінін өтеуін алу. Сосынғы шаруа – әрі-бері өткенде шыршаға масатана қарау. Бар болғаны осы. Қарапайым халықтың еліктеушілігі де осы жерде оянады. Жанына барып суретке түседі. Кейін әлеуметтік желілерге суретін орналастыра салысымен: "Қостанайда алып шырша бой тіктеді" – деп жарияға жар салады. Өстіп жүргенде, желтоқсанның 16-сы да келіп қалған ба деп аң-таң болатынымыз бар. Ертесіне алаңда концерт көріп, қыдырып, үйге қайтамыз. Бастысы – демалыс өтеді…
Сонда, Тәуелсіздік мерекесі қалай тойланады? Жалпы, қалай атап өту керек?
Мәселен, 1-қаңтарды мен де қарсы аламын. Достарыммен, отбасыммен болуға тырысам. Сосын да "бұл күнді тойламаңдар" деп айта алмаймын. Бірақ жоғарыдағыдай дүниелерді байқағанымда, "жаңа жылды" жек көріп кетемін. 18-інен кейін жылтырағын іліп, шыршасын жарқыратып қойса, кім "қой" деп жатыр. Менің мұртымды балта шаппайды. Келіп-кететін пайда да жоқ. Тек желтоқсан құрбандары елеусіз қала ма деп қорқам… Олар біз үшін өмірін қиды ғой. Өтеуі жоқ па оның?! Әлде би билеп, шыр көбелек айналу тәуелсіздікке тәу ету боп саналатын болған ба?!

Сәлеммен: Жанболат Кенжеғұл, ҚМУ журналистика факультетінің 3-курс студенті
Жарайсың Жанболат! Қызықты етіп жазады екенсің!
Рахмет!
Өте дұрыс көкейдегі ойды жеткіздің, əрине еліне жаны ашитын əрбір патриот осындай мəселелерді көтеру керек!!! Жəне бұл оң нәтижесін берсе екен….
Сол 1986 жылдары алаңда шырша болды ма, әлде әлі орнамап па еді,кім біліпті.Сосын желтоқсан құрбандарын жыл он екі ай құрметтеуге еш кедергі жоқ.Желтоқсанда ғана емес.Шыршаны ерте орнатуға мен де қарсымын. Тек оны бірінші басшылардан бастап қолға алу керек, әйтпесе ит үреді керуен көшеді.
қазіргі үкіметті түсіңбей-ақ қойдым,
тәуелсіздік күніне дейін жаңа жыл тойланбасын дейді де, өздері тура акиматтың алдына шырга орнатып қояды. бүкіл қазақ елі боп тәуелсіздік күнін емес,жаңа жылды асыға күтіп жүреді.бұл дағдыны өзгерте алар ма екенбіз?…
қазіргі үкіметті түсіңбей-ақ қойдым,тәуелсіздік күніне дейін жаңа жыл тойланбасын дейді де, өздері тура акиматтың алдына шырша орнатып қояды. бүкіл қазақ елі боп тәуелсіздік күнін емес,жаңа жылды асыға күтіп жүреді.бұл дағдыны өзгерте алар ма екенбіз?…Ответить
Керемет.Нагыз журектен шыккан.менде бирде ашуланып не истесек болады ойладым .Сойтсем макала жазудан баска ештеңе келмейтін сияқты. .