Тілі бірдің тілегі бір

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген дарынды және қабілетті жастарды анықтау, қолдау көрсету, жастардың болмысын көрсету мақсатында «Тілі бірдің – тілегі бір» республикалық жастар форумы өтті.
IMG_1349
Форумға облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев, Қазақстанның Еңбек ері С.Бұқанов, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласының мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары, Ақтөбе мен Тараз қалаларынан келген және Қостанай қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, Қостанай облысы әкімдігі басқармаларының және департаменттердің жас мамандары, аудан және қалалардың жастары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты.
IMG_3973
Форум аясында көшпелі алаңдар ұйымдастырылып «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де «Облыстың индустриялы-инновациялық дамуы: жастардың рөлі мен үлесі», «Спорттың күштік түрлері» академиясында «Қостанай облысының спорт жетістіктері», «Triera KZ» ЖШС-де «Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына ауыл жастарының қосқан үлесі» және «ОЗАТ» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында «Жастардың заманауи цифрлық технологияларды дамытудағы рөлі» секциялары өтті.
IMG_3843
Пленарлық мәжілісті Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы М.Жұрқабаев ашып, облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев Форум қонақтары мен қатысушыларына Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің құттықтау сөзін жеткізді. Сонымен қатар Астана қаласынан келген ҚР Ұлттық Ұланның ән және би ансамблінің аға маманы Д.Яковлев, Қарағандылық «Новое телевидение» телеарнасының жүргізушісі А.Бережнева, Ақтөбелік Мәртөк орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Райзих өздерінің мемлекеттік тілді қалай меңгергендері және жеткен жетістіктері туралы ой бөлісіп мәжіліс соңында үндеу қабылданды.
IMG_2558
Сондай-ақ «Тілі бірдің – тілегі бір» республикалық жастар форумының өтуіне қолдау көрсеткені үшін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Спорттың күштік түрлері» академиясы, «Triera KZ» ЖШС және «ОЗАТ» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» Қостанай облысы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
IMG_1197
Форум Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің концертімен және І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртістері ұйымдастырған «Тіл табысқандар» спектаклімен аяқталды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓