Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген

«…Үрейлі ажал атып тұрып үңгірден,
Ұйыған отау ұйқы, күлкісін бүлдірген.
Қара жерге қожа болған Кәмшаттың
Қара жерге жайғасарын кім білген?».
Нағашыбай Мұқатов.
Осыдан бір жыл бұрын дүниеден өткен Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте «Ленин» орденінің және КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, КОКП XXV, XXVІ, XXVІІ съездерінің делегаты, Қостанай қаласының және Қостанай облысының құрметті азаматы Кәмшат Дөненбаеваны еске алу шарасы өтті.
Қазақтың қайсар қызы арамызда болса, биыл 75 жасқа толар еді. Көзі тірісінде Қашар мешітінің «Кәмшат-ана» есімін иеленуі – қажы анамыздың шырағының сөнбегенінің белгісі. Меңдіқарадағы кәсіптік-техникалық колледж бен Қостанайдағы көшенің даңқты механизаторға берілетінін жұртшылық бірауыздан жылы қабылдап жатыр.44846160_181584149386365_4966378088611971072_n Ал аты аңызға айналған Батыр ананың 75 жылдығы мен дүниеден озғанына бір жыл толу қарсаңында бірегей тұлғаның өмірі мен еңбек жолы үлкен естелік кітап болып шықты. Еңбек Еріне арналған фильмнен үзінді көрсетілді. Оның толық нұсқасы 28 қазан күні сағат12.00-де «QOSTANAI» арнасынан көрсетілмек. Бүгін Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Кәмшат» атауымен шыққан ғұмырнамалық баянның тұсаукесері өтті. Оған аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов, алыстан-жақыннан келген қоғам қайраткерлері, ел басқарып отырған азаматтар, құқық қорғау органдарының ардагерлері, мәдениет және өнер майталмандары, дін өкілдері, замандастары, жақындары қатысты. Кітаптың қызыл таспасын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин мен Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова қиды. 44764871_283307249053136_947968194977464320_n
44891522_260213161355080_273682209523630080_n
44862283_328668131199075_6535809737580085248_nЕске алу шарасы барысында Қ.Төлекеевтің сөзіне жазылған Қ.Қалқатаевтың «Кәмшат апам» әнінің де тұсауы кесілгенін айта кетейік. Туындыны көкшетаулық сазгердің өзі орындап берді. Салтанатты жиыннан кейін қаладағы «Премиум-Палас» мейрамханасында Кәмшат қажы Байғазықызының рухына арналып ас беріліп, дұға бағышталды. ​ ​
 
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді Бағдат Ахметбеков түсірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓