Оқу жылының алғашқы аптасы

сайт1

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасы басталды. Біз Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінде болып, бастауыш сынып оқушыларының штаттық режимде қалай оқып жатқанын көріп қайттық. Білім ошағына кірген бетте бізді кезекшілер қарсы алды. Дене қызуымызды тексеріп, қолымызды залалсыздандырды.

сайт2

Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінде қазір 1725 оқушы болса, соның 462-і кезекші сыныптарда оқып жүр. Мектеп бойынша 38 кезекші топ құрылған. Мұның барлығы да бастауыш сынып оқушылары. Оларды білім ошағының төрт қабатына бөліп тастаған. Арнайы кабинеттер жабдықталып, санитарлық талапты сақтай отырып бастауыш сынып мұғалімдері сабақтарын жалғастыруда.

сайт4

-Бастауыш сынып оқушылары кішкентай әлі. Өз бетінше сабақ оқи алмайды. Сондықтан кезекші топтарда білім беру процесін ұйымдастыру үшін міндетті түрде қатаң санитарлық талаптарды сақтауымыз керек. Баланың қауіпсіздігі бірінші орында. Мектепте санитарлық шаралар толығымен қамтамасыз етілді. Санитайзерлер, антисептиктер, түрлі бактериалды сабындар, қажетті тепловизорлар, тоннель, дезинфекциялаушы төсеніштер сатып алынды. Бетперделер, қолғаптар қажет мөлшерде бар. Кезекші топтағы оқушылар саны 15-тен аспауы керек. Осыған сай мектебіміздегі сыныптар да лайық­талып дайындалды, – дейді мектеп-лицей директоры Сания Шәріпова.

сайт3

Сабақтың ұзақтығы 40 минут, ал үзіліске әр сынып әр уақытта шығады. Созылмалы аурулары бар балалар қашықтан оқуға жіберілді. Ал кезекші топта оқып жүргендерге ата-аналары немесе жауапты адамдар балаларды санитарлық құралдармен яғни маска, антисептик немесе бактерияға қарсы майлықтармен қамтамасыз етіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау туралы түсіндіріп отыруы тиіс. Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде және әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, холлдарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі уақытша тоқтатылды.

сайт7

-Әзірге ата-аналар тарапынан шағым түскен жоқ. Бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз, – дейді Сания Шәріпова.

сайт5

сайт6

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓