Ұстазға тағзым

Елбасының  « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласында көрсетілген  «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Алтынсарин ауданында  «Ы.Алтынсариннің туған жерін абаттандыру» жобасы іске асырылды.IMG_7749
«Омар құдығы» осы ауданға қарасты М.Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің Сатай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Мұнда Ыбырайдың атасы Балғожа бидің атақонысы болған.  Сол жерде 1841 жылы халық ағартушысы дүниеге келген. 2017 жылдан бастап  ағартушының туған жері  біздің облыстағы киелі орындардың  өңірлік  тізіміне енгізілді.ea514bba-bb1e-4a4a-92e1-6ebe96c7887fӨткен жылдың  тамыз айынан басталған бұл жоба Арақарағай орман шаруашылығы мекемесі,  «Темте» ЖШС,  «Айдала» ЖШС және «Селена» ЖШС демеушілік қаражаты есебінен  жүзеге асырылды. Күркелер мен  кіреберіске қақпа орнатылды.  Жан-жағынга төсемтастар  төселіп, орындықтар қойылды.
Ыбырай Алтынсариннің туған жерінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронованың қатысуымен салтанатты ашылуы өтті.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓